Әлік Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

0

Әлік Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы боп тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» баспасөз қызметінің дерегін негізге алып.

Әлік Айдарбаев 1963 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

1985 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1991-1995 жылдары − «Құмкөл» МГӨБ мұнай мен газ өндіру цехында учаскі бастығы, цех бастығы, «Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ бас директорының орынбасары, бірінші вице-президенті;

1995 жылы − «Құмкөл-Лукойл» АҚ бас директоры;

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 2013 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры;

2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі;

2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі қызметін атқарды.