Әлия Назарбаеваның хатшысына іздеу жарияланды

0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтароваға іздеу жариялады.
Барлық қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша компанияның бастауында жалғыз құрылтайшысы Әлия Назарбаева тұрған. 2015 жылы 30 қарашада «Оператор РОП» ЖШС құрылды. Бірнеше айдан кейін Шынар Мұқтарова мен жалғыз иесі Мұқтарова болып табылатын «Eco Waste Solutions» ЖШС жаңа құрылтайшылары болды.
Кез-келген адам Әлия Назарбаеваның жаңа менеджері бола алмайды. Элита мүшелері кәсіпорынды сенімді адамдардың қолына береді. Бұл жолы да солай болса керек.
Orda.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Шнар Мұқтарова РОП Оператор компаниясының жалғыз ресми иесі болғанға дейін Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызының хатшысы болып жұмыс істеген.
Әлия Назарбаеваның хатшысына іздеу жарияланды
«Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова 2017-2018 жылдары Экологиялық кодекс талаптарын бұзды деген күдікке ілінді. Антикордың айтуынша, ол ақшаны кәдеге жарату ақысын иемденген. Оған дивиденд түрінде 920 млн теңге заңсыз төленген.
Шынар Мұқтароваға іздеу жарияланып, сот оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Ол туралы мәлімет үшін Антикор 4000 АЕК-ке дейін немесе 12,7 млн теңгеден астам сыйақы уәде етті.