Әлия Назарбаева қытай вакцинасын салдырды

0

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева қытай вакцинасын салдырды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Вакцина туралы пікір әртүрлі болып жатыр, әркім шешімді өзі қабылдайды. Демалыста болдым, қытай вакцинасын салдырдым, өзімді жайлы сезінемін.

Алайда деніміздің сау болуының басты шарты белсенділік, күн және бәріне деген оң көзқарас екенін ұмытпау керек», — деп жазды Әлия Назарбаева.