Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қоры Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан премьер-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды», — делінген қордың хабарламасында. «Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, бұл лауазымды бұған дейін Джон Дудас иеленген. Ол қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар кеңесінде қалған.