«Әлі жаспын»: Мөлдір Әуелбекованың екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

0

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін мәлім етті. Ұлының жалғыз өскенін қаламайтын әнші тағдырдың жазғанына бағынатынын айтты деп жазады «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Comode.kz

Мөлдір Әуелбекова. Фото: Comode.kz
Source: Instagram

Бұрынғы күйеуі Арыстанмен баласы Салтай туылғаннан кейін ажырасып кеткенін ел алдында мойындаған әнші алдағы бақыттан үмітін үзбейтінін жасырмады.

«Тағдырыма солай бұйырып тұрса, неге шықпасқа?! Мен әлі жаспын», — деді әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова күйеуінің өзін тастап кеткенін жылап отырып айтып берген болатын.

Сондай-ақ әнші ұлы Сартайды халыққа көрсетіп, ұлын әкесінің іздемейтінін жасырмады.

Әнші бұрынғы күйеуінің өзге адамға кеткенін айтып, ол кісімен қайта қосылмайтынын да мәлім еткен болатын.

Алайда арада біраз уақыт өткенде әнші өзінің бұрынғы жұбайының қайта хабарласқанын, күйеуінің ұлы Сартайдың туған күнін бірге өткізгісі келгенін жайып салды.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін бізідң MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.