Осыдан біраз уақыт бұрын Әли Оқаповтың Димаш туралы пікірі желіде желдей есіп кеткен болатын. Ол Димаштың әлемдік хит әндерді орындай бермей, өзінің хит ән жазу керектігін тілге тиек еткен. Осыдан кейін Димаштың жанкүйерлері Әли Оқаповты сынға алған болатын. Әнші осы жағдайға байланысты желідегі парақшасында жазба қалдырып, кешірім сұраған.
«Егер біреуді ренжітсем кешірім сұраймын. Мен димашты 10 жылдан бері танимын. Ол талант, ол феномен. Ол биігін бағындырды. Әлем оны мойындады. Енді оған келесі қадам жасау керек. Сол себепті ендігіде ол хит әнімен тағы да тамсандырып, дүйім жұртшылықты мойындатса деген ұсыныс тілегім болатын. Бұны журналистер дұрыс жеткізбегенге ұқсайды. Егер әлдекімді ренжітсем тағы да кешірім сұраймын»-деп жазған әнші.