Әли Оқапов: Димаштың бірде-бір хит әні жоқ

0

Белгілі әнші Әли Оқапов Димаш Құдайбергенов туралы пікірін білдірді. Әншінің қысқа сұхбаты zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды oinet.kz сайты.

— Димаш дегенде біз біріншіден Димаштың өзін және де оның даусын көз алдымызға аламыз. Ал, Димашта осындай ән дейтіндей өкінішке орай бірде бір ән шықпаған. Ол енді ақиқат, шындық. Бірнеше әндері барын білемін. Қаншама концерттер бергенін де білемін. Біріншіден Димаш әлемдік ән каверларын орындаудан өз тыңдармандарын тауып алған немесе жаулап алған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек — деді Әли Оқапов. 

Әншінің Димаш туралы ойына көпшілік түрліше пікірлерін жазуда.

«Саған қарағанда едәуір жақсы. Дым даусы жоқ өзіңе қарап ал», «Димаш нағыз хит», «Саған Димаш жету қайда, Димаштың әнінің бәрі хит», «Осындай әншімен біз мақтануымыз керек», «Оның айтылған әндерінің барлығы хит қой», «Ал Али ренжімесін, бірақ бір әні де есіме түспеді. Тыңдамаймын, сондықтан шығар, әндерін білмейтінім», «Болар елдің баласы, бірін бірі батыр дейт. Болмас елдің баласы,бірін бірі қатын дейт.

Али өзің хит әндерің жоққой. Димаш ел суйген,бүкіл дүние жүзіне танылған ЖҰЛДЫЗ», «Сенің де хит әнің жоқ ұйып тыңдайтын әнің жоқ ал Димаштың дауысы керемет», «Оның аузынан шыққан әр әнін, әлем жаттап жүр. Ол хит демегенде не сонда. Атының өзі хит емеспе, Димаши деп бүкіл әлем жырлап жүр. Асып тасып, мақтанып жүрген Димашты көрмедім» — деп жазды желі қолданушылары.