Әлі бәрін естисіздер — Жаңқош Тұраровтың әйелі желіге шықты
Боксшы Жаңқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіге шығып, Әнару Құрманәлінің сұхбатына жауа берілетінін айтты, деп хабарлады Kznews.kz.
— Кешегі сұхбатқа байланысты менің не дейтінімді сұрағысы келіп отырғандар бар. Бірақ бізге әзірге ештеңе айтуға болмайды. Бәрін Алла қаласа дүйсенбі күні естисіздер. Дүйсенбіде сұхбат алғысы келіп жатқан журналистердің бәрін Алла қаласа күтеміз, – деп жымияды Клара Иса.
Осы сөзді айтылған кезде әйелінің артынан боксшының өзі де көрінді.
Белгілі боксшы Жаңқош Тұраров «қыз зорлады» деген күдікке ілінген еді. Полицияның хабарлауынша, істі Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция департаменті қозғаған.
Ал боксшы өзіне негізсіз айып тағылғанын айтты.
Боксшы зорлады деген әйел БАҚ-қа сұхбат беріп, алты жыл бойы алданып келгенін мәлімдеген.