Әли Акынжы: «Абайдың 175 жылдығында Түркияның 17 қаласында ақынның атына көше берілді»

0

Түрік кәсіпкерлері әр күн сайын түркістандық мың студентке ауызашар береді. Бұл шара толық Рамазан айында жалғасын табады. Бұл туралы Түркияның Алматыдағы бас консулы Әли Акынжы айтты, деп хабарлайды KzNews тілшісі.

Қазақ журналистерімен кездесу барысында Түркияның Алматыдағы бас консулы өзге де мәдени шаралар туралы айтты. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай Ахаңның  мерейтойы Түркияда да аталып өтеді.

Тілшілер сұрағына жауап берген Әли Акынжы былтыр Абайдың 175 жылдығына орай Түркияның 17 қаласында ұлы ақынның атына көшелер, саябақтар, алаңқайлар берілгенін хабарлады.

Мәдени ынтымақтастық туралы айтқан Бас консул түркі мемлекеттерінің достығы, дамуы, экономикалық қарым-қатынасы төңірегінде сөз қозғады.