Алғыс айту күні: қазақстандықтар бұл мереке туралы не біледі

0

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні. Қазақстандықтар бұл мейрамды 2016 жылдан бастап өтеді. Осы жылдың 14 қаңтарында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялаған еді.

«Бұл күнді қиын кезеңдері өзгелерді өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді», — деген болатын президент Ассамблея сессиясында.

Сөйтіп, Алғыс айту күні қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні болып саналады.

Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі ел тұрғындарынан бұл мереке жайында не білетінін, кімге және не үшін алғыс айтқысы келетінін сұрап білді.

Тағы оқыңыз: Еліміздің танымал адамдары қазақ халқына алғыс айтты



sputniknews.kz