«Алғашқы жігітім»: Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен жұп болғанын мойындады

0
Сиви Махмуди жеке өміріне қатысты экслюзивті жаңалығын ашты. Ол бір кездері әріптесі Алмас Кішкенбаевпен қыз-жігіт болып «жүргенін» мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алмас пен Сивидің арасындағы махаббат сезімі бозбала мен бойжеткен кезеңінде басталған.

«Сенсация болсын. Алғашқы махаббатым, 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір жан досым», — деп мәлімдеді Махмуди.

Актриса екеуінің арасында бала махаббат болғанын атап өтті.

«Ол 18-де, мен шамамен 15-16-да болдым. Қазір күліп еске аламыз», — деді Сиви.