Алғашқы қоңырау, 1 қыркүйек білім күніне арналған

0
145
Алғашқы қоңырау (мерекелік фон ойнап тұрады)
Фанфар
Жүргiзушi: Қайырлы күн, құрметтi ұстаздар мен ата – аналар және балабақша тәрбиеленушілері! Білім әлеміндегі дәстүрлі мереке бастауы, баршамыздың асыға күтер салтанатымыз – 1 қыркүйек – «Білім күніне» арналған № 63 «Әсем Ай» балабақшасының «Алғашқы қоңырау» салтанатына қош келдіңіздер!
«Бүлдіршіндердің салтанатты шеруі»
Салтанатты мерекеміздің қатысушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз:
Меруерт – мектепалды даярлық тобы. Топтың тәрбиешісі Шамуратова Ханзада Сражадиновна. Меруерт тобының ұраны «Жақсы оқу антымыз – артыңда қалсын алтын із!» Топтың тәрбиеленушілері білімді, өнерлі, үлгі тұтарлық еліміздің болашақ азаматтары! Қол соғып, қарсы алыңыздар!
Мәр мәр – мектебалды даярлау тобы. Топтың тәрбиешісі Құрманбаева Гульнафис Құрманбаевна. Ұрандары «Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!»Балалардың шығармашылық қабілеттері жоғарғы деңгейде. Бес саусақтарынан өнер тамған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз!
Құбылтас – мектепалды даярлау тобы. Топтың тәрбиешісі Қуаныш Қымбат Оразбайқызы. Ұрандары «Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.» Білгір, тапқыр, ширақ,- деп осы топты айтуға болады. Ақылдарына көркі сай бұл топ үнемі алға ұмтылуда. Қол соғып, қошеметпен қарсы алыңыздар!
Зүбәржат мектепалды даярлау тобы. Топтың тәрбиешісі Муканова Кумисай Масалимовна. Ұрандары «Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де, білімді, айбаттымыз» Болашақта елімізді бар әлемге танытатын, өскелең ұрпақ. Өте талантты, ширақ, кішкене бөбектерімізге нағыз үлгі болатын білгір ұл – қыздарымызды ортаға қошеметпен шақырамыз»!
Қыстас – мектепалды даярлау тобы. Топтың тәрбиешісі Серикбаева Назира Алиевна. Ұрандары « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» Өте тапқыр, сөзге шешен, оқуда озат екендерін дәлелдеген білімді ұл қыздарымызды ортаға шақырамыз!
Құрметті жиын қатысушылары біз бүлдіршіндердің салтанатты шеруін одан әрі жалғастырамыз, сіздердің алдарыңызда біздің балабақшамыздың бетке ұстар балдырғандары «Сутас»мектепалды даярлау тобын ортаға шақырамыз! Топтың тәрбиешісі Кулматова Айгүл Шинибековна. Өнерлі, талантты, өте білімді балаларымыз бізді күннен күнге өз жетістіктерімен қуантуда! Ұрандары «Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы». Қол соғып, қошеметпен ортамызға шақырамыз.
Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы
Жас досым саған мың сәлем!
Балдырғандар келіңдер,
Білім үйін көріңдер.
Әріптерді таныңдар,
Бәрін жаттап алыңдар.

Жиынға қатынасушылар! Түзеліп тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын!
Жүргізуші:
“ Алғашқы қоңырау” салтанатты жиынын ашу үшін алғашқы құттықтау сөз кезегі № 63 «Әсем – Ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова Аида Жұмановнаға берiледi.

Ән «Жаса Қазақстан»
Жүргізуші:
Биыл 2017.. жылдың 30 тамыз айында біздің Егеменді Қазақстан Республикамыздың «Ата – заңы Конституциясына» 22 жыл толды. Туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, қазақтың кең байтақ еліне береке берген еліміздің асыл қазынасы болған заң Конституция екендігі екені сөзсіз. Сонымен қатар биылғы жыл – Қазақстан Республикасының Астана қаласында өткен дүние жүзіне әйгілі экспо 2017 көрмесі ұлт мақтанышына айналды, дей тұра бүгінгі салтанатты мерекені ашық деп жариялаймыз!
Тақпақтар
(музыка ойналады)
Дымбілмес жүгіріп келіп, балалармен доп лақтырысып ойнап, көңілді көтереді.
Ж: – Балақай, қой! Қой деймін мен саған, бізде мерекелік іс шара өтіп жатыр, кәне кет кет кедергі жасама! Сен өзі кімсің?
Д: – Салем, балалар! Менің атым Дымбілмес! Мен доппен ойнап, асыр салғанды жақсы көрем.(доппен ойнап жүріп, бірдеңе іздей бастайды)
Д: – Мәссаған, сөмкемді жолда келе жатып жоғалтып алдым, енді сабақты қалай оқимын… жылайды
Ж: – Ия, шыныменен де қайда сөмкең? сөмкесіз сабаққа келуге болмайды!
Д: – Мен оны жоғалтып алдым, енді не істеймін?
Ж: Дымбілмес, егер біздің сұрағымызға жауап берсең, біз саған көмектесеміз..
Д: Жарайды, қандай сұрақ?
Ж: Біздің Республикамызда биыл, яғни 2017 жылы әлемге әйгілі қандай дүниежүзілік көрме өтіп жатыр?
Д: мммммм,,. көрме деймісіз, не ғой,,, Балалар маған көмектесіңдерші, өтінем…
Балалар жауап береді. Экспо – 2017!
Ж: Өте дұрыс балалар! Экспо 2017 —

№63 «Әсем – Ай» балабақшасы «Алпамыс»,
«Ақбұлақ» шағын орталығы
Ән-күй жетекшісі: Кунакбаева Гулжанат Темирбаевна
Алғашқы қоңырау жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/