Алғашқы медаль иегерлері белгілі болды

2018 жылғы 8 желтоқсан 18:25 64

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңінде 1 мың 500 метр қашықтықтағы әйелдер арасында жеңімпаз атанғандар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Финалдық бәсекеге қазақстандық Анастасия Крестова қатысты. Ол алғашқыда суырылып шыққанымен жарты жолда кейін қала бастады. Қорытындысында 2 минут 25.636 секунд көрсеткішпен төртінші орынды қанағат тұтты.
Бұл қашықтықта алтын кореялық Ким Гьон Хиге (2 минут 25.280 секунд), күміс ресейлік Екатерина Ефременковаға (2:25.460), ал қола қытайлық Ли Цзинь Юйға бұйырды.