Алғашқы Конституцияны жасаушылардың бірі Сұлтан Сартаев дүниеден озды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оның ұсынуымен Конституцияға Қазақстанның жері мен жер қойнаулары, ұлттық рәміздері туралы көптеген маңызды ұсыныс енгізілді

АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның негізгі заңын әзірлеуге белсенді түрде қатысқан ғалым Сұлтан Сартаев 93 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі растады.

Сұлтан Сартаев 13 желтоқсан, жұма күні қайтыс болды. Күзде ол 92 жасқа толды.

Академикті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 15 желтоқсанда өтеді.

Саналы ғұмырында ол заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын алып, Құқық және халықаралық қатынастар институтының ректоры, Қазақ байырғы халықтар мен этникалық азшылықтар халықаралық қорының президенті және Қазақстан заңгерлер қауымдастығының вице-президенті болды.

Қазақ өнерінің абыз анасы 103 жасқа қараған шағында көз жұмды

Сартаев – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация жобасын жасағандардың бірі. 1995 жылы Конституцияны әзірлеуге белсенді қатысты. Оның ұсынуымен Конституцияға Қазақстанның жері мен жер қойнаулары, ұлттық рәміздері туралы көптеген маңызды ұсыныс енгізілді. Ол сонымен бірге 1993 жылғы Қазақстанның алғашқы Конституциясын жасаушылардың бірі болды. Өмір бойы 500-ден астам ғылыми еңбек жазды.

Профессор 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол заңгер болуды армандады, Алматы заң институтына «Заңгер» мамандығы бойынша оқуға түсті. Содан кейін Мәскеу заң институтының аспирантурасында оқыды.

1962 жылы ол заң факультетінің жанынан қазақ бөлімін ашуға бар күшін салды.



sputniknews.kz