алғашқы «бесжылдықтың» қорытындысы – видео

29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толады. ЕАЭО-ның осы уақыт ішіндегі жұмысының қорытындысы жайлы, оның табыстары, жетістіктері мен перспективалары туралы қысқаша видеодан көріңіз
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.
29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы экономикалық кеңестің кезекті отырысы аясында Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.
Оқиға еуразиялық интеграция туралы идеяға 25 жыл және ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орайластырылған.
sputniknews.kz