Home Жаңалықтар Әлемде алғаш рет адамға бет пен екі қол трансплантацияланды

Әлемде алғаш рет адамға бет пен екі қол трансплантацияланды

0
66

Америкалық дәрігерлер әлемде алғаш рет адамға бет пен екі қолды трансплантациялады.

АҚШ хирургтары жол апатында қатты күйік алған науқасқа бет пен қолды бір уақытта ауыстырып салу операциясын сәтті жасады.

«Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, 2018 жылы Нью-Джерси тұрғыны Джо Димео түнгі ауысымнан үйіне келе жатып, рульде ұйықтап кеткен. Шлагбауммен соқтығысу салдарынан көлігі аударылып, өртеніп кеткен, ал Димеоны 80 пайыз күйік шалған.

Апаттан кейін ол төрт ай ауруханада жатып, 20 рет ота жасақан. Екі қолының саусақтарын кесіп тастады, сонымен қатар беті мен мойнында қалған тыртықтар оның қозғалысты шектеп, ауыр азап тартты.

2019 жылы дәрігерлер қайтыс болған донордың беті мен қолын трансплантациялауға шешім қабылдады. 23 сағаттық операция кезінде науқастың шаш сызығынан мойынға дейін тері, шеміршек, шеке, мұрын және төменгі жақ сүйегі ауыстырылды.

Операциядан жарты жылдан кейін Димео көзін ашып, қастарын көтеріп, қабағын түйіп, өз бетінше киініп, итімен серуендеп, гольф ойнай бастады.

Алайда, жасушалардың дифференциациясының алдын алу үшін ол өмір бойы иммуносупрессивті дәрілерді қабылдайтын болады.

Амантай Тойшыбайұлы