«Альфа-Групп» негізін қалаушылар Орынбор облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллиард рубль береді

0

 «Альфа-Групп» негізін қалаушылар Орынбор облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 1 миллиард рубль бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлады компания өкілдері.

Ал,  Орск мэрі кеміргіштердің кесірінен бөгетті бұзу туралы мәліметке жауап ретінде: себебі айқын-су тасқыны өте жоғары, бөгет мұндай жүктемеге есептелмеген деп жауап берді.

Естеріңізге салсақ, дүйсенбіде бөгет салған бас мердігердің басшысы оны кеміргіштер немесе адам факторы бұзды деп мәлімдеді. Ол судың ағып кетуі үшін 2-3 см тесік жеткілікті болуы мүмкін екенін айтты.