Әлеуметтік желіде Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланды (фото)

0
84

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Telegram-каналында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суретін жариялады.

«Фотода Қазақстанның болашақ президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. Бейжің қаласы, 1986 жыл», — делінген хабарламада. Сонымен қатар, жазбаға қосымша жарияланған видеодан президенттің жас спортшымен үстел теннисін ойнап жатқанын байқауға болады. Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1979 жылы сенбілікте түскен суретін жариялаған болатын. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген еді.