Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырған алматылық дәрігерлердің хаты пайда болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жағдайына назар аударуды сұраған хат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндеу Facebook әлеуметтік желісінде 13 сәуірде пайда болды. Хаттың авторлары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлері.

Үндеуде медициналық қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағаcимованың дәрігерлердің коронавирусты жұқтырғаны үшін кінәлі екендігі туралы айтқанына наразылық білдірді. Осы сөздерден кейін БАҚ-да дәрігерлерге қарсы «қудалау басталды» деп сендіреді.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының мәлімдемесінде — «вирус жұқтырудың басты себебі медициналық қызметкерлердің барлық сақтық шараларын сақтамауы» деген сөздері жала болып табылады. Медициналық қызметкерлерден басқа, COVID-19-дың қауіптілігі туралы кім жақсы біледі», — делінген үндеуде.

Хатта дәрігерлер белсенді түрде оқытылып, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша тренингтер өткізілгені, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілгендігі жайлы айтылған. Маскаларды ауысымына 10 рет ауыстырып тұрған, төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауларының болмағанына қарамастан қорғаныс костюмдерінде жұмыс істеген. Өтініш авторлары санитарлық дәрігерлердің өздері инфекция көзі болды деп болжайды.

«СЭС қызметкерлері бізді тексеру үшін келгендерін білеміз, содан кейін оларға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған жағдайлар туралы да білеміз. Бірақ бізді ешкім ескертпеді, біз бұл туралы кейінірек білдік. Бәлкім, олар инфекцияның көзі шығар?», — деп хатта жазған.

Сонымен қатар, үндеу авторлары коронавирус пандемиясының бүкіл әлемде өршіп тұрғанын ескере отырып, қауіпсіздік шараларын сақтамау жайлы қалай әңгіме қозғауға болатындығын түсінбейді.

«Әлемде пандемия болып жатыр, вирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны өте көп, басшылық, дәрігерлер мен сақтық шараларының бұған қандай қатысы бар? Карантиндік ауруханаларда науқастардың қай санатымен айналысатынын біледі, ал біздің қызметкерлер «көрінбейтін жаумен» күресуде. Келген науқас инфекцияның ықтимал көзі болып табылады, сондықтан инфекция қаупін толығымен жою мүмкін емес», — деп қорытындылады олар.

Сондай-ақ, ғаламторда өзін емхана травматологы деп таныстырған ер адам не болып жатқандығы туралы айтқан видео пайда болды.

«Мен 13 наурыздан бастап Алматыдағы барлық емханаларға карантин қойылғанын айтқым келеді, алайда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша жағдай келесідей болды: бетперде киетін күндер болды. Бізде әйнектер, арнайы костюмдер, аяқ киімдер болмады. Жеке қорғаныс құралдарының келетіні жайлы айтылды, бірақ қашан екені белгісіз болды. Жеке мен, жедел жәрдем бөлімшесінің травмотологы жеке қорғаныс құралдарын тек 7 сәуірде алдым», — дейді ер адам видеода.

Ер адам инфекцияның себептерін объективті тексеруге шақырды.

«Біз бір-біріміз үшін, өз отбасымыз үшін алаңдаймыз. Біз бұл аурумен күресіп жатырмыз және оны таратушы болдық. Бұл видео біздің жанайқайымыз. Тиісті тексеріс болсын, өйткені біздің қабылдау бөлімшемізді уақытша провизорлық орталыққа айналдырып, пневмониямен ауыратын науқастарды жеткізді», — деп түйіндеді ол.

 

 

stan.kz