Әлеуметтік желіде Гүлнұр Оразымбетованың фонограммаға ілесе алмай масқара болған видеосы тарады

0

Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы шахмат турнирінің жабылу салтанатында фонограммамен ән айтып ұятқа қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі “Көкке өрле” әнін орындап тұрып дем жетпей, ентігіп қалды. Желіде тараған бейнежазба оқырмандарды да бей-жай қалдырмады. Желі қолданушылары өз әнін орындай алмаған Гүлнұр Оразымбетованы сынның астына алды.

“Мен ұялып кеттім”, “Масқара”, “Бұдан кейін қалай өрлейміз?”, “Сахнаны босат”, “Шетелдіктерден ұят болды ғой”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Әнші Гүлнұр Оразымбетова болған жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында шарада өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап: “Негізі осылай болған еді”, —  деп жазба қалдырды.

Эстрада жұлдызының сынға іліккенін көрген өнердегі әріптестері барынша қолдау білдіріп, әнші Нұрболат Абдуллин жағдайды түсіндіруге тырысты.

“Мұндай жағдай Филлип екеш Фекеңде де болған кезінде. Запись кезінде “me removed” қосулы болғанда осылай болып шығады. Әртіс болған соң тамағың ауырады, шаршайсың. Кейде концерттерде толыққанды номерді алып шығу үшін де фонограмма  қажет. Музыкада бірге қайнап, оның нюанстарын білмейтін, тек парақшасының статистикасын ойлайтын надандарға еріпөз өнерпаздарыңыздың өзегін өртеуді қоя керек. Гүлеке, аққа Құдай жақ. Көңіліңізге алмаңыз”, – деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Әнші Алтынай Жорабаева, айтыскер ақын Сара Тоқтамысова мен Серік Ибрагимов та әріптесіне демеу берді.

“Гүлнұр сенің қаншама ән байқауларда бас жүлделер мен лауреат атанғаныңды барша қазақ біледі. Ал сол жүлделерді жүзден жүйрік шыққан ғана иеленеді”, “Осындайда Абай атамның сөзі оралады: «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос!»… Қас көрмей,бір-бірімізді дос көрсек қой шіркін. Бір-бірінен ілік іздеген аз қазағым-ай. Гүлнұр, жарқырай бер,абыройың биігінен түспесін, алтыным”, – деп жылы лебізін білдірді.