Әлеуметтік теңсіздік білім саласына қалай әсер етеді?

0
25 Желтоқсан 2018, 18:35 266 0

Фото: scientificrussia.ru

Астана, BAQ.KZ. Мектептер әлеуметтік теңсіздікке қалай әсер етеді? Бөгет жасайды ма, әлде көмектеседі ме? Мүмкін, мектептер де бай, дәулетті адамдарды қолдайтын шығар? Ал әлеуметтік теңсіздік білім саласына әсер ете ала ма? Бұл туралы ВВС басылымы хабарлайды.

Негізінен, мектептер ешкімнің байлығына, дәулетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай барлығына тең қарауға міндетті. Дегенмен, әлеуметтік теңсіздік туралы жүргізілген жаһандық зерттеулердің бірінде мүлдем олай еместігі белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын байлар мен кедейлер арасындағы білім айырмашылығы артып барады.

Зерттеу нәтижелеріне сенсек, 60 мемлекетте ең бай және ең кедей адамдар арасындағы білім алу жасында үш жыл айырмашылық бар. Сонымен қатар аз қамтылған отбасыларда шыққан он баланың тек біреуі ғана бай отбасынан шыққан балалардың білім нәтижесіне жетеді екен.

Айырмашылық артып барады

Зерттеуге 1995 жылы он жаста болған, сәйкесінше 2000 жыл 15-ке, тағы бес жылдан соң 20 жасқа толған жастар қатысқан. Мамандардың айтуынша, қарастырылған жылдар аралығында әр кезең сайын әлеуметтік теңсіздік артып отырған.

Зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, табысы жоғары отбасында тұратын балалар білім жолында көп жетітікке жеткен. Олар көбіне ата-атасының қолдауымен жақсы мектептерде білім алған, сонымен қатар жақсы жоғары оқу орнына түскен.

Мамандардың айтуынша, он бес жасқа дейін баланың сабақ үлгерімінің жақсы не жаман болуы олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Бұл мемлекетке де қатысты. Мысалы, Ұлыбританияда әлеуметтік жағдайдың сабақ үлгеріміне әсері 11%, Норвегия мен Эстонияда 8%, Францияда 20%, Германия мен Швейцарияда 16% құрайды.

Зерттеуді жүргізген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының білім бөлімінің басшысы Андреас Шлейхердің айтуынша, кедейлік адамның тағдырына айналмауы керек. Яғни, кедей отбасынан шыққан балалардың үлкен жетістікке жетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүргенін көруге болатын мектептер де жетерлік. Мысалы, Сингапур, Жапония мен финляндияда ең кедей адамдардың білімі Бразилия, Уругвай, Болгариядағы кедейлерден 20% жоғары.

«Бірдей білім алып жатса да, оқушылардың нәтижесі әртүрлі болады. Кейбір мемлекеттер кедейлер мен байлардың балаларына сапалы білімді бірдей деңгейде қолжетімді етіп қойған. Бұл қуантарлық жағдай. Ал Вьетнам мен Қытайда білімнің көрсеткіші қандай биіктерге апаруы мүмкін екені көпшілікті қызықтырмайды да екен. Көбіне әлеуметтік жағдайы бірдей немесе ұқсас адамдардың балалары да тура сондай мектепке барады. Дегенмен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, егер кедей отбасынан шыққан бала әлеуметтік жағдайы жоғары топтарға арналған мектепте оқыса, оынң білімі мен оқу үлгерімі,жалпы көрсеткіштері басқаларына қарағанда жоғары болады», — дейді Андреас Шлейхер.

Зерттеу барысында білім жүйесінің әлеуметтік теңсіздікке әсері зор екені де белгілі болды. Соңғы кзедері жоғары оқу орындарына оқуға түскендер саны артқанымен, бұл білім жүйесінің сәтті екенін білдірмейді. Мысалы, Сингапурде әлеуметтік жағдайы жоғары отбасынан шыққандар жоғары оқу орнына оңай түссе, Италияда олар университеттен тіпті қосымша орынға да іліге алмайды.

«Бұл жерде Италия білім саласында кері кетіп жатыр деп нық сеніммен айта аламыз», — дейді Шлейхер.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бұл зерттеуі Ұлыбританияда әлеуметтік теңсіздік деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Тіпті, бұл мемлекеттегі ең кедей тұратын отбасының балалары орташа табысқа жету үшін бес ұрпақ алмасуы керек.

«Меритократия – демократияға сөз беру, ал әлеуметтік теңсіздік меритократияның шынайылығын көрсетеді. Ал әлеуметтік теңсіздіктің артып жатқаны бізді алаңдатуы керек», дейді Шлейхер. Оның айтуынша, әлеуметтік теңсіздік пен адамдардың табысының арасындағы айырмашылық бір біріне сай болады. «Яғни, бай отбасылар артып жатқандықтан, кедей отбасынан шыққан талантты адамдардың жолы тарыла береді. Бұл білім жүйесі әлеуметтік теңсіздікке дұрыс ісер ете алмай жатқанын көрсетеді. Білім саласы әлеуметтік теңсіздікті тек арттырып жіберді», — дейді Шлейхер.

Ағылшын тілінен аударған: Алтынай Қуанышбек


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ