Әлеуметтік қызметкерлер алты мүгедек адамның шотынан 3,8 миллион теңге ұрлаған

0
30

Қазақстанның Бас прокуратурасында мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді. Мүгедектігі бар адамдарға  жалған қызмет көрсетіп, тонау фактілерін анықтады.

«Мысалы, Қызылорда облысында қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өздерінің жеке және биометриялық деректерін пайдалана отырып, қамқорлықтағы адамдардың ақыл — ой кемістігі мен дәрменсіздігін пайдаланып, өз шоттарына 3,8 млн теңгеге алты мүгедектің ақшалай қаражатын, зейнетақысы мен жәрдемақысын аударып алған», — делінген Бас прокуратураның есебінде.

Облыс прокуратурасы ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы бойынша «алаяқтық» сотқа дейінгі тергеуді бастады. 8 қарашада қылмыстық іс сотқа жіберілді.

 http://t.me/orda_kz
Фото: diapazon.kz