әлеуметтік көмек 1 сәуірден бастап көрсетілуі тиіс

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Мемлекет басшысы әкімдердің жұмысы азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына қарай бағаланатынын атап өтті

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекті биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап ала бастауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан президенті әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы әлеуметтік әлжуаз және көпбалалы отбасылар жуық арада мемлекеттің қамқорлығын көруі тиіс екенін атап өтті.  

«Мұқтаж тұрмысы төмен азаматтар, көпбалалы отбасылар осы жылдың 1 сәуірінен бастап жылдам әлеуметтік көмек алуы тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті мемлекеттік органдар басшылары мен облыс әкімдерінің жұмысы азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасына қарай бағаланатынын ескертті.



sputniknews.kz