Алеппода атыс болды
Сүрияның Алеппо қаласына зымыранмен соққы жасалды.
Соққы салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын зардап шекті. Жараланғандардың қатарында әйелдер мен балалар да бар. Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгінгі шабуыл үкімет әскерінің Алеппо қаласын өз бақылауына алғаннан бергі ең ірі қақтығыстардың бірі болып отыр.
Айта кетейік, өткен аптада Алеппода қарулы қақтығыс орын алып, жүздеген адам ауыр жараланған. Ол кезде көтерілісшілер снарядтарымен шаһар аймақтарына бомбалап, тұрғындарға құрамында химиялық заты бар қарумен шабуыл жасаған.