Әлемнің демалуға ең қолайлы қалалары анықталды

0

Әлемнің демалуға ең қолайлы қалалары анықталды

TravelSupermarket ресурсының сарапшылары әлемдегі демалуға ең қолайлы қалалардың рейтингін жасаған. Сарапшылар парктер, спортзалдар, спа-салондар, йога студиялары, вегетариандық мейрамханалар мен дүкендер санын, сондай-ақ бір жылдағы ашық күндер критерийлерін есепке алған.  Өмір сүру бағасы да ескерілген.


 
Тізімде Париж көш бастаған. Сонымен қатар үштікке Тайландтың Чианг Май курорты мен Испанияның Барселонасы кірген. Төртінші орын мен бесінші орынға Тайландтың Паттайа курорты мен Канаданың Ванкувері тұрақтаған.  Одан кейін ондықта Майами (АҚШ), Сан-Франциско (АҚШ), Лиссабон (Португалия), Денпасар (Бали, Индонезия) мен Буэнос-Айрес (Аргентина) бар.

 Дереккөз: КорреспонденТ

Дереккөз: http://reactor.inform.kz