Home Жаңалықтар Әлемнің 60 мемлекеті тәліптерге үндеу жолдады

Әлемнің 60 мемлекеті тәліптерге үндеу жолдады

0
1493

Әлемнің 60-тан астам мемлекеті тәліптерге үндеу жолдап, шетел азаматтарының Ауғанстан аумағынан қауіпсіз түрде шығуын қамтамасыз етуді сұрады.

Талибан қозғалысына үндеу жолдаған елдердің арасында АҚШ, Франция, Германия, Украина, Италия және Ұлыбритания бар.

“Жағдайының нашарлауын ескере отырып, біз барлық тараптарды елден кетуді жоспарлаған шетелдік азаматтар мен ауғандардың шекарадан қауіпсіз түрде шығуын қамтамасыз етуге шақырамыз”, – делінген хабарламада.

Мемлекеттер әуежайларды, шекаралар мен басқа да жолдарды ашуды сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін талибандардың Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғаны айтылған еді. Ел президенті Ашраф Гани биліктен бас тартып, мемлекеттен кетуіне мәжбүр болды. Сондай-ақ “Талибан” қозғалысының ресми өкілі Мұхаммед Наим Ауғанстандағы соғыстың аяқталғанын жария етті.