Әлемге танымал қазақ қызы басшылық қызметке тағайындалды

0

Қазақстандық Динара Сәдуақасова FIDE халықаралық шахмат федерациясы спортшыларының комиссиясын басқарады. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.

«Қуанышты жаңалығымды бөлісіп отырмын – ФИДЕ спортшылары комиссиясының төрағасы болып тағайындалдым», — деп жазды Сәдуақасова.

Ол комиссия шахматшылардың мүддесін табысты қорғайды деп сенеді.

«Қазақстан шахмат федерациясы Динара Садуақасованы FIDE спортшылары комиссиясына төраға болуымен құттықтап, жемісті әрі нәтижелі жұмыс істеуіне тілектестік білдіреді», — делінген Қазақстан шахмат федерациясының сайтында.

Сондай-ақ, шахматтан әлем чемпионы Сәдуақасова халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болғанын хабарлады.