Әлемге танымал футбол инсайдері «Қазақстан» шоколадын алмай қойды

0

Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо отандық блогер Аликодан “Қазақстан” шоколадын алмай қойды.

Қазақстандық блогер италиялық спорт журналистіне сыйлыққа еліміздің танымал бренді “Қазақстан” шоколадын бергісі келген еді. Алайда Фабрицио өзінің тәтті жемейтінін айтып, шоколадты алудан бас тартты.

Әлеуметтік желілерде дәл осы видео көпшіліктің талқысына түсуде. Миллиондаған қаралым жинап, видео астындағы комменттер саны бірнеше мыңнан асты.

Фабрицио Романо – италиялық спорт журналисті. Sky Sport Italy телеарналар желісінің тілшісі әлемге футбол жаңалықтарындағы инсайдтарымен танымал. “90 min” футбол порталы журналистті спорттағы “ең сенімді инсайдер” атаған болатын.

Фото: kazakhstan-gateway.kz