Әлемдік мәнерлеп сырғанаушысы Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсетті
Франциялық мәнерлеп сырғанаушы Ян Воклен (Ian Vauclin) Куршевельде өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Гран-при кезеңінде Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» композициясына өнер көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Спортшының қалай өнер көрсеткенін Димаштың әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы парақшасына жүктеді.
Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 17 жастағы Воклен 112,57 ұпай жинап, төртінші орынды иеленді.