Әлемдік додада қазақстандық спортшы бельгиялық қарсыласын бекер тістеп алмаған

0

Grand Slam турнирінде бельгиялық қарсыласын тістеп алған қазақстандық спортшы бұл әрекетінің себебін түсіндірді.

Сөйтсе, бельгиялық спортшы «жеңілгені» жайлы белгі бергеніне қарамастан біздің қызды әрі қарай қинай берген екен.

«Мен берілетін болып, белгі бердім. Бірақ, соған қарамастан, бельгиялық спортшы менің қайырып алған қолымды сындыра берді. Шынтақ тұсымнан «қырт» еткен дыбыс шыққаннан кейін қатты ауырсынудан әрі не істерімді білмей, тығырыққа тірелгендіктен оны автоматты түрде тістеп алдым», – дейді Әйгерім Әбілқадырова.