«Әлемдегі ең қауіпсіз валюта»: Теңге туралы 7 қызықты дерек — новости Казахстана
Бүгін 15 қараша Қазақстанда теңге күні. Осыған орай төл валютамыз туралы қызықты деректерді massaget.kz сайты назарға ұсынған.
1. Ең алғаш теңгенің дизайнын ойлап шығаратын кезде оның суретін қаламмен, калька және тушьпен салыпты.
2. Төл валютамыз бірінші рет Лондондағы Harrison & Sons фабрикасында жасалып, оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған. Әуе сапарларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті қатаң бақылауға алған.
3. Теңге өз елімізде тек 1995 жылдан бері шығарыла бастады. Ол үшін арнайы фабрика ашылып, ерекше даталарда мерекелік банкноттар шығару мүмкіндігіне ие болдық.
4. Қазақстан валютасын «ақша», «сом» немесе «алтын» деп атауға ұсыныстар түскен.
5. Ұлттық валютамыз басқалармен салыстырғанда өте жас болса да, әлем бойынша жасанды ақша жасауда ең қауіпсіз түрі саналады. Тіпті доллардың өзін жасаушылар оның қауіпсіздігін күшейтуде Қазақстаннан үлгі алған.
6. Теңге — 2011, 2012 және 2013 жылдары әлемдегі ең үздік қағаз ақша деп мойындалды.
7. Осыған дейін шыққан 50 теңгелік қағаз ақшаға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін таңбалау туралы ұсыныстар түскен. Дегенмен мемлекет басшысы ақшаның ондай дизайнынан бас тартты.