Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімі: Қазақстан нешінші орында

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

15 0 0

Өмір сүру үшін ең қауіпсіз елдер тізімінде Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания көш бастап тұр

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше немесе бұрын мүше болған 12 елдің ішінде өмір сүру қауіпсіздігі бойынша бірінші орында тұр. Үштікке Молдова мен Қырғызстан енді. Жаһандық рейтингте олар 68 және 95 орынды иеленді, деп хабарлады ranking.kz.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2019 жылы әлемдік экономика өсімі 2,4%-ке баяулады. Оған елдер арасындағы сауда соғысы мен әлемдегі геосаяси жағдай себеп болды.

«Сыртқы саяси шиеленіс елдердің инвестициялық белсенділігіне қатты әсер етті. 2019 жылы тікелей шетелдік инвестициялар жаһанды ағындарының қысқаруы жалғасты. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мәліметі бойынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 20 процентке, 572 миллиард долларға дейін азайды», — делінген ақпаратта.

Мемлекеттегі бейбіт жағдай және басқа елдермен қатынас экономиканың және тұтастай елдің дамуында маңызды рөл атқарады. Әлемдік бейбітшілік индексіне сәйкес, ең қауіпсіз өмір сүретін елдер – Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия кіреді. Рейтингке 163 ел қатысады.

«Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен және Ирак өмір сүру үшін ең қауіпті елдер болып саналады. Ең қауіпті он елдің тізімінде Ресей де бар. Қазақстан қауіпсіздіктің жоғары деңгейі бар елдер тізіміне еніп, бұл рейтингте 64 орында тұр», — дейді статистика.

Оқи отырыңыз: Қазақстан интернет қолданушылары бойынша нешінші орында тұр?

Әлемдік бейбітшілік индексі елдегі зорлық-зомбылық пен қылмыс деңгейін, сыртқы және халықаралық қатынастарды, әскери шығындар мен өзге де параметрлерді негізге алады. Өмір сүру қауіпсіздігінің деңгейі 23 көрсеткіш бойынша бағаланады.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше немесе бұрын мүше болған 12 елдің ішінде өмір сүру қауіпсіздігі бойынша бірінші орында тұр. Мұндай бағалау көптеген басқа фактормен қатар елге инвесторларды тартып, сондай-ақ, аймақтағы бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2019 жылы тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны шамамен 25 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өсуін жеделдетті. 2019 жылы ЖІӨ 4,5 процентке өсті.



sputniknews.kz