Әлемдегі ең қарт ер адам Жапонияда қайтыс болды — Жаһан

0

Ғаламшардың ең қарт ер адамы Масадзо Нонака Жапонияда 113 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Киодо агенттігі қайтыс болған адамның туысына сілтеме жасап, жапониялықтың жексенбіде таңғы уақытта Хоккайдо аралындағы үйінде қайтыс болғанын хабарлады. 

Нонака 2018 жылы сәуірде ғаламшардың ең қарт ер адамы ретінде тіркелген еді. Ол кезде 112 жастағы ер адамға ғаламшардың ең қарт адамы екенін растайтын сертификат берілген болатын. Рекорд жасаған қария 1905 жылы 25 шілдеде Хоккайдо аралында дүниеге келген. Масадзо үлкен отбасынан шыққан: жақын маңда тұратын жеті аға-інілері, әпкесі және бес баласы болған. 

 Гиннесстер рекорды кітабының ресми сайтында жапониялықтың ұзақ өмір сүру құпиясы тәттіге құмарлығы, газет оқу және ыстық бұлақта шомылу екенін жазылған. 

Осыған дейінгі рекорд испаниялық 113 жастағы Франциско Оливереге тиесілі еді, ол 2018 жылы ақпанда қайтыс болды. Әлемде ұзақ өмір сүрген адам ретінде 122 жыл және 164 күн өмір сүрген Жанна Луиза Кальман тіркелген. Масадзо Жапонияда ұзақ өмір сүрген жалғыз адам емес, 2017 жылы Жапония билігі 100-ден асқан 68 мың адамның тізімін жасаған. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz