Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қайғылы жағдайдан екі апта бұрын, 12 ақпан күні қария әлемдегі ең қарт адам атанып, Гиннес рекордтар кітабына енген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Әлемдегі ең қарт адам Ватанабэ Титэцу 112 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Киодо агенттігі. 


©
REUTERS / KYODO

Ватанабэнің артында бес баласы, он екі немересі, он алты шөбересі және бір шөпшегі қалды

Ол Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде көз жұмған. Қайғылы жағдайдан екі апта бұрын, 12 ақпан күні қария әлемдегі ең қарт адам атанып, Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.

Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда туған. 20 жасында Тайваньға көшіп кеткен. 18 жылдан соң қайта Жапонияға оралды. Ватанабэге дейін Хоккайдо аралында тұратын Масадзо Нонака әлемдегі ең қарт адам саналған. Ол 2019 жылы 20 қаңтарда 113 жасында көз жұмды, деп жазады РИА Новости.

Соңғы кезде Ватанабэ қарттар үйінде тұрған. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, денсаулығы жақсы болыпты. 

Ватанабэнің бес баласы, он екі немересі, он алты шөбересі және бір шөпшегі бар.  

Айта кетсек, 2019 жылдың қазан айында әлемдегі ең қарт адам атанған 123 жастағы қазақ әжей қайтыс болды.

Танзиля Бисембеева 1896 жылы 14 наурызда Каспийдің жағасында дүниеге келген. Ресейде тұрса да, өмірінің соңына дейін қазақ тілінде ғана сөйледі. Артында 10 немере, 25 шөбере және 2 шөпшек қалды.    

Әжей 100 жасқа дейін бірде-бір рет дәрігерге көрінбеген. Осы мерейтойдан кейін көзі нашар көре бастайды. Содан дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келген.



sputniknews.kz