Әлемдегі ең көп іздестірілген қылмыскер қолға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Мозамбикте (Шығыс Африка) Бразилиядан келген әйгілі есірткі иесі, 1998 жылы түрмеден қашып кеткен Жилберто Апаресидо душ Сантуш ұсталды. Осы жылдар ішінде ол әлемдегі ең көп іздестірілген қылмыскерлер тізімінде болды.

Әлемдегі ең көп іздестірілген қылмыскер қолға түсті

Қылмыскер сейсенбі күні 14 сәуірде ұсталды. Ведомствоның хабарлауынша, Сантушты Бразилияның Федералды полициясы, әділет министрлігі және Мозамбик полициясы тұтқындады.

1998 жылы ол қылмыстық топтарға қатысқаны және кокаин сатқаны үшін сотталғандығы, бірақ түрмеден қашқаны айтылған. Қылмыскердің «Бірінші астаналық команда» қылмыстық тобының құрамында кокаин есірткі сатумен айналысқаны белгілі. Құқық қорғау органдары сонымен бірге топтың тағы бір жетекшісі Маркола лақап атымен танылған ер адам түрмеден қашуды жоспарлады деп күдіктенеді.

«Бірінші астаналық команда» — 1993 жылы Сан-Паулу қаласында құрылған қылмыстық топ. Қазіргі уақытта бұл 13 мың мүшеден тұратын Бразилиядағы ең ірі қылмыстық ұйым. Есірткі саудасымен және тонаумен айналысады.

stan.kz