Әлемдегі ең бай адамдардың аты-жөні жарияланды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлемдегі ең бай 500 адамның жалпы байлығы 5,9 триллион долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ке артық

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Bloomberg қаржы агенттігі 2019 жылы әлемдегі ең бай адамдардың ақшалай жинақтарына жүргізілген талдау мәліметтерін жариялады.

Әлемдегі ең бай 500 адамның жалпы байлығы 5,9 триллион долларды құрайтыны белгілі болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25% немесе 1,2 триллион долларға артық. 

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең бай музыкант әйелдің аты аталды

Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос өзінің 116 миллиард долларымен әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде келе жатыр, деп хабарлады Хабар 24.

Әлемдегі ең жас миллиардер – өзінің косметикалық желісін ашқан Кайли Дженнер.

Биыл Бернар Арно ең көп табыс тапқан адамдардың қатарында, оның байлығы 36,5 миллиард долларға артқан.

Ал Билл Гейтс пен Марк Цукербергтің де байлығы $20 миллиардқа көбейген.

Еске салсақ, қарашада Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде Джефф Безосты басып озды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз