Әлемдегі ең бай адамдар шамамен триллион доллардан айырылды — Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылдың басынан бері әлемдегі ең ауқатты адамдардың байлығы шамамен 1 триллион долларға жуық төмендеді. Мұндай мәліметтерді Bloomberg агенттігі таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирустың тез таралуына қатысты алаңдаушылық әлемдік нарықтарға қатты әсер етеді. Өткен бейсенбіде АҚШ биржалары 9,5-10% жоғалтты, ал Еуропалық биржалар Дональд Трамп коронавирусқа байланысты Еуропадан АҚШ-қа 30 күндік тыйым салуды жариялағаннан кейін 11-16,6% құлдырады.

«Бейсенбі күні әлемдегі ең бай 500 адам 331 миллиард доллар жоғалтты, бұл Bloomberg Billionaires индексінің сегіз жылдық тарихындағы ең үлкен бір күндік құлдырау. Бұл жалпы жылдық шығынды 950 миллиард долларға дейін жеткізді», — деді агенттік.

Осылайша, жыл басынан бері әлемдегі ең бай адамдар өздерінің меншікті капиталының 16 пайызынан айырылды. Сонымен, француз LVMH басшысы Бернар Арно 9,5 миллиард доллардан, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос 8,1 миллиард доллардан айырылды.

Әлемдегі нарықтар құлдырағаннан кейін ең бай ресейліктердің жиынтық байлығы 15 миллиардтан астам долларға төмендеді.

Индекс миллиардерлер акцияларына иелік ететін серіктестіктердегі акциялардың құнына негізделген.
 

stan.kz