Әлемдегі ең бай адамда 191 млрд доллар бар

0

Bloomberg Billionaires Index (BBI) мәліметтері бойынша, SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск сейсенбіде әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға ие болды. Ол Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосқа жол берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Безостың байлығы 191 миллиард долларды, ал Маск қаражаты 190 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды агенттік.

Осылайша, Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін 1-орында келе жатқан Илон Маскты басып озып, алғаш рет рейтингте көш бастады.

Рейтингтің үшінші орнында Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 137 миллиард долларға бағаланды. Тізімдегі төртінші орынға Louis Vuitton moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард) жайғасты.

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 104 миллиард долларымен әлемдегі ең бай бес адамның тізіміне кірді.