Әлемдегі босқындар саны 25 миллионнан асты: БҰҰ-да босқындар келісімі қабылданды

0

Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы кеңесінде 181 елдің қолдауымен әлемдік босқындар келісімі қабылданды. Алайда, Құрама Штат тарабы егемендік құқығы толық қарастырылмаған деген уәжін ортаға сала отырып аталған келісімнен тыс қалды.

БҰҰ мәлімдемесіне қарағанда, әлемде 25,4 миллионнан астам босқын бар. 181 елдің қолдауымен қабылданған келісім бойынша төрт түрлі негізгі талаптар қарастырылды. Біріншіден, босқындарға баспана берген мемлекеттерге жеңілдіктер қарастырылады; екіншіден, босқындарды қабылдаған елдерге көмектер беріледі; үшіншіден, босқындардың шекарадан кіруі және екінші бір елге қоныс аударуына мүмкіндік беріледі; төртіншіден, босқындардың өз еліне қайтуға мүмкіндік береді және жәрдем көрсетіледі.

Халықаралық қауымдастық көрсеткен мәліметтерге қарағанда, әлемдегі босқындары ең көп аймақ Орталық Африка елдері мен Орта Шығыс және Азияның бірқатар елдері. Босқындардың қоныс аударуына ең негізгі себептер ретінде елдегі тұрақсыздық, экономикалық дағдарыс, соғыс және ашаршылық мәселелері болған.

“The Qazaq Times”