Әлемдегі алғашқы 3D-баспа суперкары 100km жылдамдыққа екі секундта жетеді (ФОТО/ВИДЕО)
Жақында Сан-Францискодағы (АҚШ) Divergent Microfactories (DM) компаниясы әлемдегі ең алғашқы 3D принтерінен шыққан супервайзат «Blade»-ні жарыққа шығарды. Бұл туралы divergent3d.com сайты жазды.
Компанияның айтуынша, автомобильдің шассиі оңай жиналатын алюминий «түйіндер» мен көміртекті талшық құбырларымен жасалған, сондықтан қоршаған ортаға зиян келтірмейді.
Көлік бензинмен де, газбен де қозғалады. Суперкарда 700 аттың күші бар.
Бұдан басқа, көлікке қолданылған құралдардың бәрі жеңіл болғандықтан, оның салмағы небәрі 640 келіні құрайды екен.
М.Мұқаш,
KzNews