Әлемде тағы бір адам ВИЧ дертінен толық айығуы мүмкін

0

ВИЧ инфекциясын жұқтырған Лондон тұрғыны әлемдік медицина тарихына вирустан толық жазылған екінші адам ретінде енуі мүмкін.

Nature журналы жариялаған тексеру нәтижесі бойынша, бірнеше жыл бұрын қатерлі вирусқа қарсы иммунитеті бар адамның сүйек майы енгізілген науқастың ағзасынан иммунитет тапшылығынан пайда болатын СПИД дертінің ізі табылмаған. Егер бұдан кейінгі тексерулер де науқас ағзасынан ешқандай инфекция таппаса, онда бұл СПИД-пен күрестің амалы барына дәлел болмақ.

Осыдан 12 жыл бұрын ВИЧ-ке шалдыққан науқастың бас сүйегін трансплантациялаған соң дерттен құлан-таза айыққан болатын. Бірақ науқастың өзіне аса ауыр тиген емдеудің ондай түрін қайта қолданбаған. New York Times газетіне сұқбат берген Утрехт университеті қызметкері Аннамари Венсинг СПИД-тен емдеу үшін жаппай трансплантация жасау мүмкін дейді. Бірақ әлгіндей нәтиже зерттеушілерге СПИД-ке қарсы күрестің құр қиял емесін дәлелдеді.

Екі жағдайда да қатерлі ісікке қарсы терапия ретінде науқастың бас сүйегіне трансплантация жасалған. Одан кейінгі тексеру нәтижесі ағзада ВИЧ инфекциясы жоқтығын анықтаған. New York Times басылымына жазған хатында «лондондық науқас» қатерлі ісікпен бірге ВИЧ дертінен айығуы мүмкін екені туралы хабарды «көз көріп, көңіл сенбейтін» жаңалық деп қабылдағанын айтқан.

Азаттық