Әлемде мұнайдың арзандауы жалғасуда – Қазақстан жаңалықтары

0
21

Brent маркалы мұнай шикізатқа деген сұранысқа байланысты үш пайызға арзандауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақыты 10.59-да Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына мамыр фьючерстерінің бағасы 3,16 пайызға төмендеп, баррелі үшін 32,76 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайға мамыр фьючерстерінің бағасы барреліне 1,93 пайызға төмендеп, 31,5 долларды құрады.

Инвесторлар коронавирустың ғаламдық таралуы мен оның мұнайға деген әсерін бағалауды жалғастыруда.

Бұрын хабарланғандай, Қытай биржалары пандемия кезінде үштен бірге құлдырады.

Қазақстан Ұлттық банкі пандемия жағдайында долларды тегістеуді тоқтататындығын мәлімдеді. Ал, американдық валюта алмастырғыштарда 450 теңгеден сатылуда.

stan.kz