Әлемде коронавирустың алты түрі таралуда – ғалымдар – Қазақстан жаңалықтары

0
74

АҚШ-тың Пенсильвания университетінің ғалымдары әлемде коронавирустың алты түрі таралғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирусЭпидемиологтар COVID-19-тың әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 10,4 мың сынамасын сарапқа салыпты.

«Жаңа тәсіл бойынша біз геномы бір-біріне ұқсас вирустарды өшіріп, тек әртүрлі инфекция тудырушыларды жинадық», – дейді зерттеушілер.

Осылайша сарапшылар әлемде таралып жатқан коронавирустың әртүрлі екенін анықтапты.

Ғалымдардың пікірінше,  СС256 және CC258 топ вирустары АҚШ-та байқалса, СС70 және CC225 тобы инфекция қоздырушылары Еуропада, ал CC300 коронавирус тобы Оңтүстік Америкада таралуда екен.

Мамандар бұл зерттеудің коронавирустың алуандығына орай вакцина жасап шығаруға көмектеседі деген ниетте.

stan.kz

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету