Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны екі миллионнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлем бойынша коронавирус жұқытрғандардың саны екі миллионнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Мұндай деректер Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды. 

Қазір індетке тап болғандардың саны 2 019 320-ға жетіпті. Олардың 448 мыңы емеделіп шықса, 119 мың адамның өмірін инфекция жалмаған. 

АҚШ науқастардың саны жөнінен алдыңғы орынға шығыпты. Бұл елде 618 мың адам сырқаттанса, оның 23 мыңы көз жұмған: Нью-Йорктің өзінде кесел 7,3 мың адамның өмірін қиған. Испания 170 мың науқас тіркеліп, 17 мыңы көз жұмған.  Ал Италияда болса  159 мың ауру жұқтырып, 20,4 мың адам көз жұмған. 

Аурудан айығып шыққандар Қытайда (78 мың азамат), Испанияда (64,7 мың азамат) және Германияда (64,3 мың азамат) көп екен. 

14 сәуірдегі Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны мыңнан асып отыр. Олардың 138-і аурудан емделсе, 12-сі індеттің кесірінен көз жұмып отыр. 

stan.kz