Әлемде егіздер саны еселеп артқан

0
139
Сурет: OkBoks

Дүниежүзілік ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес, жер бетінде туып жатқан егіздер саны еселеп артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Статистика бойынша жыл сайын әлемде шамамен 1 млн 600 мың егіз туады екен. Егер өткен ғасырдың 80-жылдары әр 1 мың әйелдің ішінде 9-ы ғана егіз бала туса, қазір мыңның ішінде 12-сі дүниеге егіз әкеледі екен. Мамандар бұл үрдіске дамыған мемлекеттерде қолға алынған «Экстракорпоральды ұрықтандыру жұмысының бір ізге қойылғаны себеп», – дейді.

Мәселені шешу үшін Еуропа мен Солтүстік Америка ғалымдары бедеулік ауруын емдеудің жолдарын жан жақты қарастыра бастады.

 «Соңғы 30-40 жылда дамыған елдерде кеш туатын әйелдердің қатары көбейді. Көбінесе олар жасанды ұрықтандыру жолымен егіз бала туады. Көбінесе егіздер Солтүстік Америка мен Азия елдерінде көп кездеседі», – дейді профессор Кристиан Монден.