«Әлемде 5 мыстан бармыз, біз түнде жиналамыз»: Ханша мыстан адамды қалай дуалайтынын көрсетті – Қазақстан жаңалықтары

0

Өзін мыстан әйелмін деп санайтын алматылық Ханша бойында тылсым күш барына сендіргісі келеді. Ол адамдарға жақсылық әкелетінін, ал жаман адамдарды жазалайтынын айтады. 

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

Ханша таулы бөктерде жалғыз тұрады. Туыстарымен араласпайды. өзінің бөлек әлемі бар. Құстармен тілдеседі. Айтуынша першілтелермен де әңгімелеседі екен. 

«Адамдар ойлайды бір-бірін дуалады деп. Ішіне жын кірді деп. Бірақ олай емес. Ол шындығында жаман жерді басқандар. Менің көзіме жаман адамның маңдайында қызыл белгі көрінеді. Жақсы адамдарда ондай болмайды. Мен құдай емеспін. Бірақ маған аян келеді. Адамдарға мен арқылы ескерту жасайды», – дейді Ханша. 

Алайда бағдарламадағы имам Бауыржан мырза мұның жынмен байланысты дүние екенін айтады. 

«Адам баласы өмірге келгенде 5 мақұлық өмірге келеді. Бірінші баланың өзі, аспанда жұлдыз, шайтан, жын және періште. Егер Алла қаламаса, оның ешбірі адам баласына зиянын тигізе алмайды деген. Болашақты болжау. Біреуді өлтірем деп қорқыту, зиян тигізем, жаман қыламын дегеннің бәрі жынмен, шайтанмен байланысты. Ол құдайға серік қосу. Өлген адаммен сөйлесем. Үркітем дегеннің бәрі өтірік нәрсе», – деді имам.

Ханша түнгі уақытта жаным шығып мыстандармен кездесеміз. Әлемде 5 мыстан ғана бармыз. 

Мыстан әйел бағдарлама барысында қара сиқыр жасаған әйелді қалай жазалағанын көрсетті. Ол топырақ пен өлген адамның топырағын екі бөлек ыдысқа салып әкелген. Май шам. Ыдыс. Тігілген қуыршақтарын ала келді. Қуышақтың біріне өлі топырақты сеуіп, өз саусағындағы қанын қамызып, қуыршақтың маңдайына жақты. Аяқ-қолын байлап матап тастады. Ол адам енді адамдарға жамандық шақыра алмайды дегенді айтты. 

Бағдарламаға келген психотерапевт Сапар Құттыбайұлыны айтуынша, бұл кісінің ойы дұрыс емес. Бір ойдан екінші ойға секіріп кетеді. Әдетте дұрыс емшілер өзін жария етпейді, керісінше жасырады. Ал, Ханшаның әрекеті өзіне пияр, жарнама жасау деп бағалады. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз