Әлемде 282 мың адам коронавирустан көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлемде 4102849 адам коронавирус жұқтырды, олардың 282719-ы індеттен көз жұмды. Мұны Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері дәлелдейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коронавирусты ең көп жұқтырған бес елдердегі статистика мынадай: АҚШ — 1329791 адам, Испания — 224350, Ұлыбритания — 220449, Италия — 219070, Ресей — 209668 адам.

АҚШ-та коронавирустан 79528 адам көз жұмды, Испанияда 26621, Ұлыбританияда 31930, Италияда 30560 адам, Ресейде 1915 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5126 адамды құрайды.

stan.kz