Әлем мемлекеттері коронавируспен әлі екі жыл күреседі — мамандар — Қазақстан жаңалықтары

0

Роберт Кох институның президенті Лотар Вилер COVID-2019 коронавирус пандемиясын толығымен жеңу үішн тағы бірнеше жыл кететінін болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Сөзінше, пандемияның таралуы тағы екі жылға жалғасады екен. Десек те осы уақыт аралығында табылған вакцина мен басқа да шаралар індетті ауыздықтауға айтарлықтай ықпалын тигізетін көрінеді. Сонымен қатар Вилер вакцина ойлап табылғанның өзінде оның барлығына жетпейтінін алға тартты.  

«Пандемияның толқыны өршігіп барады. Егер ол әлем халқының 60-70 пайызына жұқса не болмақ?» — дейді Вилер. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, коронавирусқа шалдыққандардың саны 182,4 мыңға жетіп отыр. Олардың 7,1 мыңы көз жұмса, тағы 79,4 мыңы аурудан толығымен айыққан. Аурудың ошағы ретінде Қытайды Ухань қаласы тіркелген болатын. 

 

stan.kz