«Әлем ханымы—2020»: Қазақстан атынан Қайрат Нұртастың әйелі қатысады

0
362
Сурет: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Жыл сайын өтетін «Әлем ханымы» байқауына биыл Қазақстанның атынан Жұлдыз Әбдікәрімова қатысады. Бұл жаңалықты Қайрат Нұртастың әйелі өз парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Құпияны ашатын уақыт келді. Биыл «Әлем Ханымы-2020» — «Миссис Вселенная» байқауында Қазақстанды таныстырамын. Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты — әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау. Пандемия салдарынан биыл байқау онлайн өтеді.

Сондықтан 1-24 желтоқсан аралығында сайтта дауыс беру жүреді. Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ, мен Қазақстанның ғана емес Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет. Шынайы пейілдеріңіздің осы посттың астына «Қолдаймын» деп жазу арқылы көрсете аласыздар. Қанша екенімізді көрейік», — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанғанын жарыса жазып жатыр.