Әлем футболы аңыздарының бірі өмірден озды

0

Футболдан Германия құрамасының экс-шабуылшысы, әлем чемпионы Герд Мюллер дүниеден өтті, деп хабарлайды ЭК.

«Бавария» клубының баспасөз қызметі ардагер футболшы 15 тамызда қайтыс болғанын мәлім етті. Әзірге себебі айтылған жоқ. Бірақ Мюллер соңғы жылдары альцгеймер дертінен қиналып жүргенін сұхбаттарында айтқан болатын.

Герд Мюллер футболдан әлем және Еуропа чемпионы. Еуропа Чемпиондар кубогының (қазіргі Чемпиондар лигасы) үш дүркін жеңімпазы. Екі рет «Алтын бутсы», бір рет «Алтын допқа» ие болған.

©Официальный сайт ФК "Бавария"
©Официальный сайт ФК «Бавария»

Бавария клубы сапында 607 матчта 566 гол соққан. Ал ұлттық құрамада 62 ойын өткізіп, 68 рет мергендік танытқан. Мюллер «Бавария» клубының Бундеслигадағы үздік шабуылшысы. Оның рекордын әзірге ешкім жаңартқан жоқ.